Отандасымыз олимпиада чемпионын шаң қаптырып кетті
Анастасия Городко фристайл-могулдан Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өтіп жатқан Әлем кубогында күміс медаль еншіледі.
Қазақстандық спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді. Шешуші жарыста АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық басымдық танытты.
Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әміренова 13-орынға тұрақтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.