Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Атыраудағы орталықты басқарады
Бұған дейін ол директордың орынбасары қызметін атқарды.
pexels.com
2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов Атыраудағы Олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды.
Спорттық жетістіктері:
- 2004 жылы Иранда және 2005 жылы Германияда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
- 2007 және 2009 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
- 2008 жылы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
- "Құрмет" орденімен марапатталған.
Басқарушылық және жаттықтырушылық қызметі:
- 2003 жылдан бастап спорт нұсқаушысы қызметін атқарған.
- Қазақстан Республикасының таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушысы болды.
- Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.
- Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet