Қазақстан әлем кубогында "күміс" еншіледі
Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды.
Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады.
Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды – 86,24 ұпай. Үшінші орынды француз Бенджамин Каве 83,82 ұпаймен иеленді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.