![Low Kick Championship Olimpbet: Қазақстандағы жекпе-жек өнерінің жаңа кезеңі](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/07/67a5b734d080e894474974.jpg)
Түрлі жекпе-жек өнерінің өкілдерін бір жерге топтастырған жаңа форматтың перспективасы жайлы Қазақстандағы Low Kick Championship-тің ресми өкілі Өмірбек Әлмағжановпен әңгімелестік.
— Бұл спорт түрін Қазақстанға әкелуге сізді не итермеледі?
— Каратэ жаттықтырушысы ретінде мені қашан да лоу-кик қай спорт түрі ретінде күштірек екенін қызықтыратын еді. Үндістанда мұндай іс-шаралар ұйымдастыратынын есітіп, бұл форматты дамытуға Қазақстан керемет алаңша болады деген ой келді. Осылайша, жобаның негізін салушы испаниялық Авраам Галлартпен таныстығымыз басталды.
— Low Kick Championship-тің перспективасы қандай?
— Бұл біздің спортшыларға өзін әлемдік деңгейде көрсету және Қазақстанның атын шығару мүмкіндігін береді. Қазірдің өзінде 32 ел бұл турнирді өткізуге рұқсат алған және болашақта бізді әлем чемпионаты күтіп тұр.
Біз осыған дейін Low Kick Championship Olimpbet жергілікті турнирін үш рет өткізіп үлгердік және әр жарыс жекпе-жек шеберлерімен қатар, көрермендердің де назарын өзіне аударды. Енді бұл жобаны аймақтарда дамытуды жоспарлап отырмыз. Ондағы жастар арасында жекпе-жек өнері және жалпы алғанда, спортты насихаттауға көмектесетініне сенеміз.
— Лоу-кик көрермендер мен спортшыларға несімен қызық?
— Бұл жойқындық пен жоғары кәсібилікті өзінде қамти алған ерекше формат. Бұған тәжірибелі спортшылар қатысады. Олар үшін қауіпсіз жағдай жасап, жарақат алу мәселесін барынша төмендетеміз. Бұл өз кезегінде жарақаттан кейін қайта аяққа тұрған немесе мансабын аяқтағандар үшін құнды жоба болмақ.
Спортты тастап кету мүмкін емес екенін біз білеміз және кез келген бұрынғы спортшы тағы да татами, ринг әлде октагондағы эмоцияны қайта сезгісі келетіні анық. Жаңа бағыт оларға өз соққысының күші мен техникасын көрсетуге мүмкіндік берсе, көрермендерге әділ өтетін спорттық сайыс сыйлайды. Одан бөлек, бұл басынан аяғына дейін шиеленісті ұстап тұратын эмоциялық шоу.
— Осындай жаңа форматты іске қосқанда бизнестің қолдауы қаншалықты маңызды?
— Бизнестің қолдауынсыз мұндай масштабта жоба істеу мүмкін емес. Серіктес іздеген кезде біз ортақ құндылықтарға назар аудардық. Olimpbet-пен ынтымақтастық жайлы келісімді қабылдаған кезде, компания көптеген шаралар, федерациялар мен клубтарды қолдайтын Қазақстандағы спорт индустриясының ірі инвесторы екенін білдік.
Біздің ынтымақтастығымыз стратегиялық тұрғыда маңызды қадам болды және чемпионат жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік берді. Демеушіміздің қолдауы арқасында біз қатысушылар санын арттырып, сапалы трансляция жасай алдақ және турнир расымен де жойқын әрі халықаралық деңгейде өтті.
— Жарақаттар санын азайту үшін қандай әрекеттер жасайсыздар?
— Біз қарсыластар жұбын жіті зерттеген соң ғана бекітеміз. Бұл жекпе-жектің тең әрі әділ өтуіне көмектеседі. Дененің әлсіз тұстарына соққы жасатқызбаймыз және үнемі медициналық тұрғыдан бақылауда ұстаймыз. Біздің басты алғышартымыз - қауіпсіздік.
— Қатысқысы келіп, бірақ екі ойлы болып жүрген адамдарға не айтасыз?
— Лоу-кик форматы өте демократиялы деп айтуға болады. Ол каратэ, муай-тай, кикбокс және ММА-ге қатысқан спортшыларды біріктіреді. Әр сала өкілдері мұнда өз соққысының күші мен техникасын көрсете алады.
Сонымен қатар, спортшылар өзін халықаралық аренада көрсету мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, турнир спорт арналары мен әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Біздің басты мақсат - түрлі жекпе-жек мәдениеті мен стиль өкілдерін барынша тарту арқылы жобамызды насихаттау.
Дереккөз: Olimpbet