ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Азиада-2025: Қазақ өзге елге жүлде әперді

Этникалық қазақ Самғар Серік Қытай құрамасының атынан Харбинде өткен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. 

Азиада-2025: Қазақ өзге елге жүлде әперді
globaltimes.cn

Ол шаңғы жарысының (спринт, классикалық стиль) сайысында үшінші орын алды.

Бастапқыда Серік мәреге төртінші болып жеткен еді, бірақ жапониялық спортшы Харуки Ямашита бірінші болып келсе де, дисквалификацияға ұшырауына байланысты нәтижелер қайта қаралды. Осылайша, қазақстандық Константин Борцов екінші орынға көтерілсе, Серік үшінші орынға ие болды.

Самғар Серік Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Алтай қаласына қарасты Хундун кентіндегі Дулат ауылында дүниеге келген. Бұл аймақта қазақ диаспорасы көп қоныстанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.