![Астаналық мұғалім 54 жасында әлем чемпионы атанды](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67a9ac4631823986877597.jpg)
Астана қаласының Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова Мысырда пауэрлифтинг спортынан өткен ашық әлем чемпионатында екі алтын медаль иеленді.
Мысыр астанасында өткен ашық біріншілікте елордалық ұстаз зілтемірді жерден іліп тік көтеру сайысында 100 келіні оңай бағындырып, рекорд тіркеді. Аталған жарысқа 23 мемлекеттен 2 000-ға жуық спортшы қатысты. Бұл туралы kaz.inform.kz жазады.
Айгүл Ержанова спорттың бұл түрімен 52 жасында кәсіби тұрғыда айналыса бастаған. Ал оған дейін қолкүреспен, жеңіл атлетикамен айналысқан.
“Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырған соң мені ұйымдастырушылар басында қытайлық деп ойлапты. Кейін рекорд орнатқанымда Қазақстаннан келгенімді біліп, құрмет көрсетті”, - дейді чемпион.
Айта кетейік, астаналық мұғалім былтыр «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған.
Бапкері өзінің інісі — Айбар Ержанов. Ол ауыр атлетикадан әлем чемпионаты, Азия, Еуропа біріншіліктерінде жеңіске жеткен.