Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Хамитов ел үкіметін сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі
11.02.2025, 07:04

Аралас жекпе-жек шебері мемлекеттің қалай даму керегін де айтты.  

astanatv.kz
astanatv.kz

Танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов елдің экономикалық саясатына көңілі толмайтынын айтып, орташа жалақыға негізделген бағдарды сынға алды. Бұл туралы Offside.kz хабарлады.

«Үкіметте қаншама адам бар, бірақ олардың ешқайсысы дамығымыз келсе, орташа жалақыға емес, ең төменгі жалақыға сүйеніп, оны көтеру үшін жұмыс істеуіміз керегін түсінбейді ме», – деп жазды Хамитов әлеуметтік желіде.

Спортшы орташа көрсеткіш шынайы жағдайды көрсетпейтінін атап өтіп, ең төменгі табысқа ие азаматтардың жағдайын жақсартуға баса назар аударуды ұсынды.

Хамитов бұл пікірін Ұлттық статистика бюросының Қазақстандағы орташа және медиандық жалақыны есептегені туралы жаңалықтың астында қалдырды.

Айта кетейік, 2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстандағы медиандық жалақы 308 717 теңгені, ал орташа жалақы 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалақы 10,5 пайызға, ал инфляцияны ескере отырып, 1,8 пайызға өсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 14
👎 1
😂 4
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір