Азиада-2025: Қазақстан бір мезетте "алтын" мен "күміс" алды

Сарапшы, спорт журналисі

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында қос жүлде жеңіп алды.

Азиада-2025: Қазақстан бір мезетте "алтын" мен "күміс" алды
olympic.kz

Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 9 минут 40.3 секунд нәтижемен жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады.

Бұл — Қазақстан делегациясының қысқы Азия ойындарындағы үшінші алтын медалі.