Үш "алтыннан" кейінгі Қазақстанның орны қандай?

Сарапшы, спорт журналисі

Бүгін, 11 ақпанда, Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды. 

Үш "алтыннан" кейінгі Қазақстанның орны қандай?
фото ашық дереккөздерден алынды

Фристайл-акробатикадан Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев синхронды секіру сайысында топ жарып, жарыс жеңімпаздары атанды. Ал биатлондағы спринт жарысында Владислав Киреев алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстанның Азия ойындарындағы медаль саны 13-ке жетті: 3 алтын, 6 күміс және 4 қола. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында тұр. Қытай 69 медальмен (27 алтын, 23 күміс, 20 қола) көш бастап келеді. Екінші орында Оңтүстік Корея – 34 медаль (12-12-11), ал үздік үштікті Жапония 20 жүлдемен (5-6-10) түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Азия ойындары-2025 жарыстары 14 ақпанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір