Азиада-2025: Қазақстан 14-медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Шаңғы жарысынан Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 

Азиада-2025: Қазақстан 14-медаль жеңіп алды
NUR.KZ

Бұл сында (4×5 км) Қазақстан мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір