Азиада-2025: Ел қоржынына 16-медаль түсті
Биатлоннан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасында 6 шақырымға эстафетадан ел құрамасы сапында Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая жарыс жолына шықты.
Жарыс қортындысында Қазақстан қыздар құрамасы 1 сағат 30 минут 01.9 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші кесті. Қытай және Оңтүстік Корея құрамасы тиісінше алтын және күміс медалды өзара бөлісті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.