![Азиада-2025: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы мінсіз сырғанағанымен жүлдеден құр қалды](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/13/67adcd99ea467095342391.jpg)
Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина 2025 жылғы Азия ойындарында төртінші орын алды.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша экс-ресейлік спортшы Жапония өкілі Хана Ёсидадан бес ұпайға қалып, төртінші орынға табан тіреді.
Самоделкина еркін бағдарламаны таза орындады, бірақ мінсіз болмады. Ал Ёсида алғашқы элементте құлағанына қарамастан қазақстандық спортшымен арадағы айырмашылықты 11 ұпайға дейін ұлғайтып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Күміс медаль 2022 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері жапониялық Каори Сакамотоға бұйырды. Азия ойындарының сенсациялық чемпионы болып Оңтүстік Корея өкілі Ким Чхэён танылды. Ол қысқа бағдарламадан кейін екінші орында болған.
Қазақстанның тағы бір спортшысы София Фарафонова жарысты 10-орынмен аяқтады.
🥇 Ким Чхэён (Оңтүстік Корея) – 147,56
🥈 Каори Сакамото (Жапония) – 136,87
🥉 Хана Ёсида (Жапония) – 136,44