Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Өзбекстандық мәнерлеп сырғанаушылардың тарихи алтын жеңісінен кейін және Софья Самоделкинаның жүлдеден тыс қалғаннан кейін Қазақстан жанкүйерлері ерлер арасындағы жарыста медаль күтті. Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев қысқа бағдарламада жарқырай алмағанымен, еркін бағдарламада жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды
Михаил Шайдоров жарысты жалпы 169.26 ұпаймен үшінші орынмен аяқтады (91.6 + 78.59), ал оның отандасы Диас Жиренбаев 120.62 ұпай жинап, 9-орынға тұрақтады (53.19 + 68.43).
Шайдоров екі рет элементті орындау барысында қателескеніне қарамастан жинақылық танытып, өзінің прокатын “Лунная соната” мен Take on Me әуенімен тамаша аяқтады.
Жарыстан кейін қызықты сәт болды: қытайлық жанкүйер Михаилге оның бейнесі бар плакатпен бірге жастық лақтырып, орыс тілінде “Мен сені сүйемін” деп айтты. Спортшы бұған бақытты күлкімен жауап берді.
🥇 Чжунавань Ча (Оңтүстік Корея) – 187.60 (99.02 + 88.58)
🥈 Кагияма Яма (Жапония) – 168.95 (85.87 + 85.08)
🥉 Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 169.26 (91.6 + 78.59)