![Тарихтағы ең төмен нәтиже: Қазақстан қысқы Азиадада сәтсіздікке ұшырады](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/13/67adee4c20244381529974.jpg)
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының соңғы күндері Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелмеді.
Бүгін Қазақстанның қысқы Азиада тарихындағы ең нашар нәтижесі ресми түрде тіркелді. Бұған дейін ел спортшылары мұндай төмен көрсеткіш көрсетпеген еді.
Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнін 3 алтын, 8 күміс және 7 қола медальмен қарсы алды. Енді алтын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі тек ерлер хоккей құрамасында бар. Олар финалда Жапонияға қарсы ойнайды. Бірақ жеңіске жеткен күннің өзінде Қазақстанның алтын медаль саны 4-ке жетеді, бұл 2007 жылғы нәтижеден (6 алтын) әлдеқайда төмен.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті бұл сәтсіздікке қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.