ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Келесі Қысқы Азия ойындары қайда өтеді

Харбин қаласында алауы тұтанған Қысқы Азия ойындары аяқталып, келесі кезекті Сарықұрлық додасы өтетін ел белгілі болды.

Келесі Қысқы Азия ойындары қайда өтеді
kaz.inform.kz

Келесі Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтетін болып бекітілді.

Бұл туралы Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында белгілі болды. Аталған шарада Харбин қаласының мэрі Ван Хэшэн мен Азия Олимпиада кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Фок Жэнтин туды Сауд Арабиясының Ұлттық спорт комитеті төрағасына және Ұлттық спорт комитетінің төрағасы Ханзада Фейсалға тапсырды.

Осылайша тұңғыш рет Қысқы Азия ойындары Батыс Азияда елінде өтпек.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Харбин Қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.