Милад Карими жылдың алғашқы әлем кубогында топ жарды
Спорттық гимнастикадан 20-23 ақпан күндері аралығында Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан әлем кубогының бірінші кезеңінде Милад Карими алтын медаль иеленді.
instagram@milad_milka
Еркін жаттығу бойынша сынға түскен отандасымыз финалдық сайыста 14.133 ұпай жинады.
Екінші орынды жапондық Кацуки Минами (13.666) иеленсе, үшінші орын италиялық Никколо Ваннуччиге (13.533) бұйырды.

Айтулы додада 28 елден 120 спортшы сынға түсіп жатыр. Енді келесі әлем кубогының кезеңін наурыз айында Баку (Әзербайжан) қабылдайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet