Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды
olympic.kz

Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өз жеке рекордын жаңартты.

Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшадағы Томашув-Мазовецкиде өткен Әлем кубогы кезеңінің дәл осы қашықтығында топ жарған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір