Эдуард Ким әртістік жүзуден әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Парижде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
NUR.KZ
Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.
Бүгін спортшылар еркін бағдарламада жүлделі орындар үшін бақ сынайды. Бұл жарысқа 22 елден келген 167 спортшы қатысуда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet