ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Юлия Галышеваны басып озған Городко фристайлдан әлем кубогы медалін иеленді (ВИДЕО)

Фристайл-могулден Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко Алматыда өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды. 

Юлия Галышеваны басып озған Городко фристайлдан әлем кубогы медалін иеленді (ВИДЕО)
sputnik.kz

Қазақстандық спортшы параллель могул бағдарламасында үшінші орынға ие болды. Кіші финалда ол америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті.

Городко жарыстың ширек финалында өзінің командаласы, тәжірибелі Юлия Галышеваны жеңді. Алайда, жартылай финалда АҚШ спортшысы Джейлин Кауфқа есе жіберді.

Осылайша Анастасия Городко Қазақстан үшін тағы бір жүлде еншілеп, әлем кубогының кезеңінде үздік үштікке енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?