ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем кубогында екінші "күміс" еншіледі

Дмитрий Потанин Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем кубогында екінші "күміс" еншіледі
olympic.kz

Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті. Потанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.

Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсеткен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.