ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Гимнасшылардың әлем кубогындағы медальдар қоржыны "қоламен" толықты

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакудегі спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қола медаль иеленді.

Гимнасшылардың әлем кубогындағы медальдар қоржыны "қоламен" толықты
olympic.kz

Ыдырысов гимнастикалық ат снарядындағы жаттығулардың финалында төрешілерден 14,400 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған жүлделі үшінші орын алуға мүмкіндік берді.

Алтын медаль америкалық Брэндон Дэнгке (14,633 ұпай) бұйырса, оның отандасы Патрик Хупс (14,533 ұпай) күміспен күптелді. 

Бұл жүлде Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі үшінші медаль болды. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығулар) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығулар) күміс жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.