
Қазақстандық танымал боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
48 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Назым Қызайбай ширек финалда венесуэлалық Тайонис Седеньоны үшінші раундта техникалық нокаутпен құлатқан. Ол өз жеңісі туралы былайша пікір білдірді.
"Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққаныма қуаныштымын. Бірақ бұл менің соңғы жетістігім емес. Келесі жекпе-жекте одан да жақсы өнер көрсетуге тырысамын. Біздің қыздар бұл жарыста жоғары деңгей көрсетіп жатыр. Әрине, кейбір сәтсіздіктер де болды – Жайна Жағыппарованың жекпе-жегін көріп, біраз көңіл-күйіміз түсті. Бірақ біз өзімізді жоғалтпай, жеңіске деген жігерді сақтауымыз керек. Бүгінгі жекпе-жек мен үшін алдыңғысынан әлдеқайда сәтті өтті. Мен және командадағы барлық қыздар әлем чемпионатының алтынын жеңіп алу үшін бар күшімізді саламыз," – деді Қызайбай.