Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бибісара Асаубаева рекордтық нәтижесі туралы айтты

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 11:11

Қазақстандық шахматшы, блиц бойынша бұрынғы әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қысқа уақыт ішінде өткізген рекордтық партиялар саны туралы айтып берді. 

Instagram/@bibisarachess
Instagram/@bibisarachess

17 классикалық партия — жарты айда

Асаубаева Instagram парақшасында жанкүйерлердің сұрақтарына жауап беріп, жарыстардан кейін демалып жатқаны жайлы ойын айтып берді. 

"Жарты ай ішінде 17 классикалық партия ойнадым. Сондықтан қазір демалып жатырмын деуге болады. Бірақ сәуірде қайтадан турнирлерге қатысамын", — деп жазды ол.

Әлем чемпионы атағы үшін күрес – үміт бар

Жанкүйерлердің бірі Бибісарадан классикалық шахматтан әлем чемпионы атағына таласатын Гран-при турниріне қатысты сұрады. Шахматшы бұл турнирдің ережесіне сәйкес, әр қатысушы 6 кезеңнің үшеуіне ғана қатыса алатынын және өзі үш кезеңін толық ойнап шыққанын айтты. Қазір ол қарсыластарының нәтижелерін күтіп отыр.

"Қалған қатысушылардың ұпайларын күтемін. Соған байланысты әлем чемпиондығы үшін күресуге мүмкіндік аламын ба, жоқ па — белгілі болады", — деп түсіндірді Асаубаева.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір