Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Марадонаның өліміне байланысты күдік күшейді: Күзетші сотта қарама-қайшы жауап беріп, қамауға алынды

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 15:07

Футбол тарихындағы ең әйгілі есімдердің бірі — Диего Марадонаның өліміне қатысты сот ісі қайта жанданды. Соңғы деректер бойынша марқұмның бұрынғы оққағары Хулио Кориа сотта берген жауабында қайшылыққа жол беріп, соның салдарынан ұсталды.

ria.ru
ria.ru

Хулио Кориа Марадонаның соңғы жылдарындағы жеке күзетшісі болған. Сотта ол нейрохирург Леопольдо Луке мен психиатр Агустина Косачовпен байланысы болмағанын мәлімдеген.

“Косачовпен көп сөйлескен жоқпын. Лукені бірнеше рет көрдім, бірақ телефон арқылы мүлде сөйлеспегенмін”, – деп мәлімдеген Кориа.

Алайда прокурор Патрисио Феррари оның бұл сөзін жоққа шығаратын жазбаша хат алмасулар мен телефон әңгімелерін жария етті. Бұл деректер күзетшінің Марадонаның дәрігерлерімен байланысы болғанын дәлелдейді. Осылайша, жалған куәлік бергені үшін ол қамауға алынды.

Сот барысында Диего Марадонаның қызы — Яна Марадона да сөз алды. Оның айтуынша, әкесі отадан кейін реанимацияда бірнеше күн өткізіп, одан соң емдеу тактикасын талқылау үшін отбасымен кеңес өткізілген.

“Бізге екі нұсқа ұсынылды: біріншісі – толық бақылаудағы қалпына келу клиникасы, екіншісі – үйде ем алу. Луке бізге клиникаға апару — “ақымақтық” деді. Біз дәрігерге сеніп, үй жағдайында қалпына келу жолын таңдадық”, – деді Яна.

Диего Марадона 2020 жылдың қарашасында 60 жасында көз жұмды. Ресми мәлімет бойынша жүрек талмасынан қайтыс болған. Ол кезде жедел жәрдемнің тоғыз көлігі келгенімен,футболшыны құтқару мүмкін болмаған.

Марадона өмірінің соңғы апталарын Буэнос-Айрестегі үйінде өткізген. Бұған дейін миына жасалған отадан кейін ауруханадан шығарылып, үйге емделуге жіберілген еді.

ФОТО: iz.ru

Кім кінәлі? Медицина қызметкерлеріне ауыр айып тағылды

2021 жылы тергеу аясында бірнеше медицина қызметкеріне айып тағылды:

  • Психолог Карлос Диас
  • Медбикелер Дахиана Хизела Мадрид пен Рикардо Альмирон
  • Психиатр Агустина Косачов
  • Нейрохирург Леопольдо Луке және тағы екі дәрігер

Тергеу болжамы бойынша, дәрігерлер тобы Марадонаның денсаулығына немқұрайлы қарап, медициналық қателіктерге жол берген. Егер бұл дәлелденсе, оларға 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір