Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

7 жастағы қазақ шахматшысы әлем чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
28.03.2025, 14:08

Сербияның Врнячка-Баня қаласында оқушылар арасындағы шахматтан әлем біріншілігінде 7 жастағы Абдул-Мәлік Қайрат өз жас категориясында (U7) әлем чемпионы атанды. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Жеңіс уақытынан бұрын келді

Абдул-Мәліктің шешуші жеңісі 5-турда тіркелді — ол басты қарсыласы, үндістандық Ом Еш Готтумукаланы тізе бүктірді. Осыдан кейін отандасымыз 8 турдың қорытындысы бойынша 8 ұпай жинап, жарыстың соңғы кезеңінде бәсекелестеріне қолжетпес нәтиже көрсетті.

Үндістандық қарсыласынан бір ұпай алда келе жатқан Абдул-Мәлік жеке кездесудегі жеңістің арқасында 2025 жылғы әлем чемпионы атағын мерзімінен бұрын иеленді.

Үндістан шахматшысы қыздар арасында көш бастады

Дәл осындай мінсіз нәтиже қыздар арасында да тіркелді: Үндістан өкілі Прагника Вака Лакшми (категория G7) барлық 8 партияда жеңіске жетіп, қарсыластарынан екі ұпай айырмашылығымен алда келе жатыр. Оның чемпиондығы да алдын ала белгілі болды.

Қазақстандықтар алтынға тағы жеті топта таласады

Бүгін жарыстың соңғы күнінде қалған он жас санатында чемпиондар мен жүлдегерлер анықталады. Соның ішінде жеті категорияда Қазақстандық жас шахматшылар алтын медаль үшін күрес жүргізіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір