Қазақстандық конькиші әлем рекордын жаңартты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Конькимен жүгіруден Астанада өтіп жатқан VI Қысқы Спартакиадада Евгений Кошкин әлемдегі ең мықты спринтер екендігін дәлелдеді. 

Қазақстандық конькиші әлем рекордын жаңартты (ВИДЕО)
фото ҚР Спортты дамыту дирекциясы

Кошкин 100 метр қашықтықты 9.31 секундта жүгіріп өтіп, бейресми әлем рекордын жаңартты. 

Бұған дейін бұл рекорд Қытай спортшысы Гао Тинюйға тиесілі (9.32 секунд) болған еді.

100 метр - Олимпиада және әлем чемпионатының бағдарламасына кірмейді. Бірақ дәл осындай жылдамдықпен Евгений Кошкин көпшіліктің назарын өзіне аударып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір