Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Менің көңілім жоқ": Қазақстан атынан алғаш шыққан Софья Самоделкина неге жылап қалды?

Редактор Penalty.kz
29.03.2025, 12:54

Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Бостондағы әлем чемпионатындағы нәтижесіне көңілі толмағанын жасырмады.

matchtv.ru
matchtv.ru

Ресей құрамасынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге ауысқан Софья Самоделкина әлем чемпионатында 181,36 ұпай жинап, 14-орынды иеленді. Спортшы бұл нәтижеге қатты ренжулі екенін Match TV-ге берген сұхбатында айтты:

“Қазір өзімді өте көңілсіз сезініп тұрмын. Себебі маусым бойы көп еңбек еттім. Бірақ соңғы каскад жоспардағыдай шықпады. Бұл маусым маған бапкерлерімнің кеңесіне бұрынғыдан да мұқият құлақ асу керектігін үйретті. Қазір мен АҚШ-қа көшіп келіп, Рафаэль Арутюнянмен толыққанды жұмыс істеп жатырмын. Ол маған өте ұнайды. Техникалық деңгейімді, секірулерімді жетілдіргім келеді. Алда Олимпиада маусымы, бұл – өте маңызды кезең”, – деді Самоделкина Goldenskate-ке берген пікірінде.

Әлем чемпионатының жеңімпазы атағына америкалық Алиса Лю ие болды — 222,97 ұпай. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоға бұйырса (217,98), қола медальді оның отандасы Моне Чиба (215,24) еншіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір