17-орыннан – финалға! Аяна Жолдастың керемет камбэгі (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық фристайл шебері Аяна Жолдас Швейцарияда өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға жолдама алды. Спортшы қиын сәтте мінез көрсетіп, басты кезеңге өтті.

17-орыннан – финалға! Аяна Жолдастың керемет камбэгі (ВИДЕО)
olympic.kz

2025 жылғы 18–30 наурыз аралығында Швейцарияның Энгадин өңірінде фристайлдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Шаңғы акробатикасынан әйелдер арасындағы жарыста 12 финалист анықталды. Олардың қатарында — Қазақстан намысын қорғап жатқан Аяна Жолдас та бар.

Алғашқы іріктеу кезеңінде Аяна сәтсіз өнер көрсетіп, 17-орын иеленді. Бірақ шешуші сәтте шеберлігін танытып, екінші мүмкіндік кезеңінде "лузер раундта" үздік бестікке енді. Осы нәтижесі оған финалға жолдама әперді.

Шешуші жарыс 30 наурыз күні өтеді. Аяна Жолдас — бұл кезеңде медаль үшін таласатын 12 спортшының бірі.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 23 жастағы Аяна Харбиндегі Азия ойындарында үш бірдей медаль жеңіп алған: екі “қола” және бір “күміс”

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір