Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық қыздар үстел теннисінен Словениядағы ірі турнирде ширек финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Словенияның Оточец қаласында өтіп жатқан WTT Feeder Otocec II халықаралық үстел теннисі турнирінде Зәуреш Ақашева мен Сарвиноз Міркәдірова жұбы жұтық сында ширек финалға дейін жетті.

Қазақстандық қыздар үстел теннисінен Словениядағы ірі турнирде ширек финалға шықты
olympic.kz

Отандастарымыз 1/8 финалда словениялық Катерина Стразар мен Леа Паулинді 3:1 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты.

Бірақ ширек финалда жапониялық Такея Мисузу мен Акае Кахоға 1:3 есебімен жол беріп, жартылай финалға өте алмады.

Ерлер арасындағы жұптық сында Айдос Кенжеғұлов пен Санжар Жұбанов жұбы австриялық Мачей Колодзейчик пен хорватиялық Айвор Банға 1:3 есебімен есе жіберді.

Жекелей сында Қазақстанның үздік ойыншыларының бірі Кирилл Герасименко франциялық Джо Сейфридпен өткен 1/16 финалда 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

WTT Feeder Otocec II турнирі — халықаралық маңызы бар ірі жарыстардың бірі. Қазақстандық делегация бұл жарысқа 10 спортшымен қатысып, тәжірибе жинауға және рейтинг ұпайларын арттыруға мүмкіндік алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір