Жаңалықтар
7 жастағы қазақ шахматшысы әлем чемпионы атанды
Сербияның Врнячка-Баня қаласында оқушылар арасындағы шахматтан әлем біріншілігінде 7 жастағы Абдул-Мәлік Қайрат өз жас категориясында (U7) әлем чемпионы атанды.
Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшы 24 жасында қаза тапты
Түркиялық тау шаңғышысы, Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Беркин Уста 24 жасында көз жұмды. Қайғылы жағдай Улудаг тау шаңғысы курортындағы қонақүйдегі өрт салдарынан болды.
Михаил Шайдоров әлем чемпионатында жүлдеге үмітті (ВИДЕО)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін үздік үштікке ілікті.
Франция — Қазақстан: Еуро-2025 іріктеуіндегі алғашқы матч төрт голмен аяқталды (ВИДЕО)
Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) Еуро-2025 чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде алғашқы ойынын өткізді.
Қазақстандағы легионерлердің тағдыры қалай болмақ? Вице-министр жауап берді
Қазақстанда шетелдік спортшылардың (легионерлердің) мемлекет қаражатынан қаржыландырылуына тыйым салынбақ. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Сенат кулуарында мәлімдеді. Заң жобасы қабылданған жағдайда премьер-лигадағы командалар шетелден келген футболшыларға енді бюджет есебінен жалақы төлей алмайды.
Қазақстанда шетелдік спортшыларға енді бюджеттен ақша бөлінбейді. Жаңа заң не дейді?
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Сенат тиісті заңды мақұлдады.
Жасырын қуат әлде қауіп-қатер? Допинг туралы Бәрін Біліп Алыңыз!
Допинг – спортшының күшін жасанды жолмен арттыратын құрал ба, әлде денсаулыққа қатер төндіретін қадам ба?
Гимнасшылар Грекияда өткен халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді
Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы Афродита кубогында (Aphrodite Cup) тамаша нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз Грекиядағы додада 9 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды,
Марадонаның өліміне байланысты күдік күшейді: Күзетші сотта қарама-қайшы жауап беріп, қамауға алынды
Футбол тарихындағы ең әйгілі есімдердің бірі — Диего Марадонаның өліміне қатысты сот ісі қайта жанданды. Соңғы деректер бойынша марқұмның бұрынғы оққағары Хулио Кориа сотта берген жауабында қайшылыққа жол беріп, соның салдарынан ұсталды.
"Манчестер Юнайтед" Рамазан айында дәстүрлі ауызашар ұйымдастырды
Ағылшын футболының алыбы "Манчестер Юнайтед" тарихында алғаш рет өз стадионы — әйгілі "Олд Траффордта" ауызашар өткізді. Мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айындағы бұл шара клуб мәдениетіндегі жаңа қадам ретінде бағалануда,
Үстел теннисінен төрт ойыншы жаза тартты
Ұлыбританиялық төрт үстел теннисшісі келісілген матчтарға қатысы бар деген күдікпен ресми түрде жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Англия үстел теннисі қауымдастығының (TTE) баспасөз қызметі мәлімдеді. Тергеудің басталуына британдық букмекерлік кеңселерден алынған мәліметтер себеп болған.
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина — әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары қатарына енді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатының қатысушылары қатарынан табылды.
Эльдор Шомуродов пен Баходир Джалолов естелік сыйлықтармен алмасты (ФОТО)
Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов пен әлем чемпионы Баходир Джалолов бір-біріне естелік сыйлықтар табыстап, жанкүйерлерін қуантты.
"Қайрат" Қазақстан Кубогы финалында ойсырай жеңілді (ВИДЕО)
"Семей" футзалдан Қазақстан Кубогының 2024/25 маусымындағы финалында Алматының "Қайратын" 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, ел кубогының жаңа иегері атанды.
Қазақстанның үздік волейболшысы Сербия чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова өнер көрсететін сербиялық "Уб" клубы Сербия Суперлигасының тұрақты маусымында үшінші орынды иеленді.
Қазақстандық Олимпиада жүлдегері керемет нәтижені бағындырды
Шахматшы Әмина Қайырбекова әйелдер арасында гроссмейстер нормасын орындады.
Елдос Сметов Ұлыбританиядан қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
Белгілі қазақстандық дзюдошы, әлем және Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов Ұлыбританиядан Қазақстан халқына Наурыз мейрамымен құттықтау жолдады.
Бибісара Асаубаева рекордтық нәтижесі туралы айтты
Қазақстандық шахматшы, блиц бойынша бұрынғы әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қысқа уақыт ішінде өткізген рекордтық партиялар саны туралы айтып берді.
Қазақстандық гимнастар әлем кубогында "алтын" мен "күміс" жеңіп алды
Қазақстандық гимнастар Түркияның Анталья қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қос жүлдеге ие болды.
Олимпиада чемпионы Иман Хелиф: "Анам күнде ауруханаға баруға мәжбүр болды"
2024 жылғы Париж Олимпиадасының әйелдер арасындағы бокстан алтын жүлдегері, алжирлік Иман Хелиф Олимпиада кезіндегі қоғамдық сынның салдары туралы ашық айтты. Бұл жағдай тек өзінің ғана емес, бүкіл отбасының психологиясына ауыр әсер еткен.