Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Бокс — кедей елдердің спорты ма?» Қазақ жазушысының пікірі желіде қызу талқыланды

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатынан кейін қазақстандық жазушы Қанат Тілеуханның мәлімдемесі қоғамда үлкен пікірталас тудырды.

«Бокс — кедей елдердің спорты ма?» Қазақ жазушысының пікірі желіде қызу талқыланды
instagram.com/@boxingkazakhstan

Жазушының даулы сұрағы

Қанат Тілеухан әлеуметтік желідегі жазбасында дамыған елдерде бокс кең таралмағанын айтып, бұл спорт түрін көбіне экономикалық және демократиялық тұрғыдан артта қалған мемлекеттерде дамыған деп мәлімдеді.

«Неге Еуропаның дамыған елдерінде бокс жоқтың қасы? Неге біз олардың боксшыларын сирек көреміз? Осындай ойға Махмұд Сабырхан мен оның испаниялық қарсыласын көргенде келдім. Испания футболымен танымал: “Барселона”, “Реал”, “Атлетико“. Ал бокс қайда? Бокс Англияда пайда болды. Бірақ ағылшын боксшылары көп емес. Финалға шыққан жігіт те жеңіліп қалды. Голландия, Германия, Португалия, Италия боксшылары да көзге түспейді. Бай елдер — Дания мен Норвегияда да бокс жоқ. Австриялық боксшыны көрдіңіз бе? Жоқ. Керісінше бокс Қазақстанда, Өзбекстанда, Ресейде, Кубада, Балқан елдерінде, Қырғызстанда, Қытайда, Солтүстік Кореяда қарқынды дамыған. Сонда бұл спорт тек экономикалық әрі демократиялық жағынан артта қалған елдерге тән бе? Неге дамыған елдердің боксшылары жұдырықтаспайды? Мұны түсіне алмадым», — деп жазды ол.

Әлеуметтік желідегі пікірталас

Жазушының пікірі желідегі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Кейбір пікірлер:

«Қазақ халқының қаны мен рухы жауынгерлікке жақын, сондықтан біз күш пен батылдықты талап ететін спорт түрлерінде мықтымыз»;

«Бұл қате пікір, себебі АҚШ пен Жапонияда мықты боксшылар бар. Еуропада да кей салмақ дәрежелерінде чемпиондар жетерлік»;

«Энтони Джошуа, Тайсон Фьюри және аңызға айналған Леннокс Льюис — Ұлыбританияның үздік боксшылары»;

«Оларда спортқа уақыт жоқ, бізде болса — той мен дастарқан».

Айта кетейік, Қазақстан Ливерпульдегі әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қазақ боксшылары жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір