Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Үсік жүріп, жаңбыр жауады": Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 06:00

"Қазгидромет" РМК 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жариялады.

"Үсік жүріп, жаңбыр жауады": Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Атырау облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қ.: 01 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір