Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмонов Forbes миллиардерімен жаттығу өткізді

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-де жеңіліс көрмеген қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов пен Forbes тізіміндегі кәсіпкер Әлидар Өтемұратовпен бірге жаттығу өткізді. 

Шавкат Рахмонов Forbes миллиардерімен жаттығу өткізді
Instagram/@shavkatrakhmonov94

Dar Team залындағы ерекше кездесу

Белгілі кәсіпкер Әлидар Өтемұратов әлеуметтік желіде Dar Team командасымен өткізген жаттығу видеосын жариялады. Кадрларда Шавкат Рахмоновтың спарринг арасындағы үзілісте Өтемұратовқа кейбір жекпе-жек әдістерін түсіндіріп, кеңес беріп жатқан сәттері көрінеді.

«Шавкат үйретіп жатыр», — деп жазды Өтемұратов өзінің Instagram парақшасында.

Forbes тізіміндегі бизнесмен мен әлем аренасындағы батыр

Әлидар Өтемұратов — Dar Team жобасының негізін қалаушы және Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша елдегі ең бай 75 адамның қатарына енген.

2024 жылғы мәліметке сәйкес, кәсіпкердің байлығы 161 миллион доллар деп бағаланған және ол рейтингте 59-орында тұр.

Ал Шавкат Рахмонов — қазір UFC ұйымында жеңіліссіз нәтиже көрсетіп келе жатқан қазақстандық файтер, ел мақтанышы және әлем аренасында танымал спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір