Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Криштиану Роналду Вин Дизельмен киноға түседі

Сарапшы, спорт журналисі

Криштиану Роналду «Форсаж» франшизасындағы жаңа фильмде рөл сомдауы мүмкін.

Криштиану Роналду Вин Дизельмен киноға түседі
Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

«Әл-Наср» клубы мен Португалия ұлттық құрамасының капитаны, әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду әйгілі «Форсаж» кинофраншизасының жаңа бөлімінде рөл сомдауы мүмкін. Бұл жаңалықты франшизаның басты актері әрі продюсері Вин Дизель әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Актер өзінің Instagram желісінде Роналдумен бірге түскен суретін жариялап, жанкүйерлердің көптен бері қойып жүрген сұрағына нақты жауап бергенін айтты.

«Барлығы одан “Криштиану “Форсаж” фильмінде түседі ме?” деп сұрап жатыр. Айта кету керек, бұл міндетті түрде болады. Біз оған арнайы рөл жазып қойдық», – деп жазды Вин Дизель.

Бұл мәлімдеме футболшының кино әлеміне қадам басуы мүмкін екендігін көрсетіп, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Егер келісім жүзеге асса, Роналду кәсіби спорттан бөлек, актерлік қырын да сынап көрмек.

Айта кетейік, бұған дейін «Форсаж» франшизасының 11-бөлімі 2026 жылы көрерменге жол тартатыны ресми түрде хабарланған болатын. Жаңа фильмнің актерлік құрамы мен сюжеті әзірге толық жарияланбағанымен, Криштиану Роналдудың қатысуы жобаның танымалдығын одан әрі арттыра түсері сөзсіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір