Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Бәріне бірдей ұнай алмайсың» - Шерхан Қалмырза хейтерлер туралы

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан U19 құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза өзіне күтпеген жерден келген танымалдық, сын-пікірлер және алдағы маусымға жоспары жайлы пікір білдірді.

«Бәріне бірдей ұнай алмайсың» - Шерхан Қалмырза хейтерлер туралы
instagram/@kallmurza

«Биылғы жыл мен үшін ертегі сияқты өтті»

Жас голкипер 2025 жылды өз мансабындағы ерекше кезеңдердің бірі ретінде сипаттап, келер жылы да талап күшейетінін жеткізді.

«Керемет ойындар болды. Маған бәрі ұнады, бәрі түс секілді. Келесі жылы талап төмендемейді, әрі қарай жұмыс істейміз — тек көбірек», — деді футболшы.

Танымалдықпен бірге сын да келеді

Қалмырзаға тез өсіп кеткен танымалдығы туралы сұрақ қойылғанда, атақпен қатар міндетті түрде көңілі толмайтындар да пайда болатынын жасырмады.

«Хейтерлер әрқашан болады. Қалай болғанда да бәріне ұнай алмайсың. Бұған да жұмыс істейміз, бірақ мен мән бермеуге тырысамын. Алдымда нақты мақсат бар, соған бара жатырмын. Ондай нәрселер маған әсер етпеуі керек», — деді «Қайрат» қақпашысы.

Еске сала кетейік, Шерхан Қалмырза Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал» матчынан кейін көпшілікке кеңінен таныла түсті. Ол негізгі екі қақпашы жарақат алған соң алаңға шығып, кездесуді толық өткізген. Ойыннан кейін Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа 18 жастағы Қалмырзаны жарияланымында атап өткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір