Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Олимпиада жүлдегері 3 жылға түрмеге қамалды

Сарапшы, спорт журналисі

Ол Павлодарда Ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасаған. 

Олимпиада жүлдегері 3 жылға түрмеге қамалды
olympic.kz

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай Павлодар қаласында Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне шабуыл жасау ісі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қазинформ» мәліметі бойынша, сот шешімімен ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Айта кетейік, спортшыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы — «Екі немесе одан да көп адамға қатысты билік өкіліне күш қолдану» бойынша айып тағылған болатын. 

Спорттық мансабы

Дәулет Шабанбай еркін күрестен Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсеткен. Ол Павлодар облысының намысын қорғады. Балуан спорттық мансабын бес жыл бұрын аяқтады. Сол жылы Қазақстан чемпионатында екінші орын алған болатын.

Ал 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Дәулет Шабанбай бастапқыда бесінші орынға иеленген еді. Кейіннен жүлдегер атанған екі спортшы допинг қолданғаны үшін дисквалификацияланып, нәтижесінде қола жүлде Шабанбайға берілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір