Төрехан Сабырхан киноға түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан киноиндустриядағы алғашқы жұмысын таныстырды.
Instagram/@boxingkazakhstan
World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы Instagram парақшасында өзі түскен фильмнен қысқа үзіндіні көрсетті. Бейнежазбада Төреханның кино кадрларында да спорттан алыстамағаны байқалады. Ол жаттығу залында көлеңкемен жекпе-жек жасап тұр.
Жарияланым сипаттамасында боксшы көрерменге үндеу жасады:
«Фильм жақында шығады. Кинотеатрдан күтемін», — деп жазды Төрехан Сабырхан.
Төрехан Сабырхан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде World Boxing рейтингінде бірінші орында тұр. Сонымен қатар ол — әлемде жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған жалғыз боксшы. Бұдан бөлек, оның кәсіпқой бокста да тәжірибесі бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet