Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлем чемпионы атанған Абылайхан Жүсіпов керемет сыйлық алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қарағанды облысынан шыққан Абылайхан Жүсіпов IBA нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатынан кейін туған қаласы Абайға келді.

Әлем чемпионы атанған Абылайхан Жүсіпов керемет сыйлық алды (ВИДЕО)
instagram/@asbc_official

Әлем чемпионы атанған Жүсіповтің тарихи жетістігі

Әлеуметтік желіде тараған видеода чемпионды жерлестері Қазақстан туын көтерген автокортежбен қарсы алып, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстағаны көрінеді. Салтанатты кездесудің қорытындысында боксшыға Абай ауданы әкімдігі атынан екі бөлмелі пәтерге сертификат берілді. 

Абылайхан Жүсіпов Дубайда өткен IBA әлем біріншілігінде 71 кг салмақтың финалында ресейлік Сергей Колденковті жеңді. Осылайша ол Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді алып келді. 

Бұл — Жүсіповтің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны. Бұған дейін ол әлем біріншіліктерінде үш мәрте қола жүлде иеленген. Сонымен қатар боксшы Чиангмайда (Тайланд) өткен Азия чемпионатында-2024 топ жарған.

Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 медаль және жалпыкомандалық екінші орын

IBA World Boxing Championships 2025 турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы медальдық есепте жалпыкомандалық екінші орынға тұрақтады. Команда қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір