Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Сен тым кәрісің…»: Назым Қызайбай жасы туралы сөзге жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер боксының көшбасшысы, үш дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай спорттағы жолы, жасы және мансабына қатысты ойын ашық айтты.

«Сен тым кәрісің…»: Назым Қызайбай жасы туралы сөзге жауап берді
Instagram/@nazym_kyzaibay09

«Бұл фото — жай медаль емес, өткен жолымның дәлелі»

Назым әлеуметтік желідегі жазбасында Олимпиададағы қола жүлдені еске алып, оның артында қаншама еңбек пен сын тұрғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Париждегі додаға дейін көп адам: «Сен тым кәрісің» деп, күмән келтірген. Алайда спортшы бұл сөздердің өзіне тоқтау болмағанын атап өтті.

«Осы суретке қарасам, тағы да қандай жолдан өткенімді, қанша сынақ көргенімді сеземін. Бұл фото — жай ғана қола медаль емес. Бұл — сенімсіздікке, сөзге, күмәнға қарамай жүріп өткен жолдың дәлелі. Турнир алдында көп адам “сен тым кәрісің” деді. Бірақ менің арманым үшін қанша жұмыс істегенімді ешкім білмейді», — деп жазды Назым.

instagram/@nazym_kyzaibay09

«Ешкімге жамандық тілемеймін — өз жұмысымды ғана істеймін»

Қызайбай талай рет «жеңіліп қалады», «ұзаққа бармайды» деген пікірлерді естігенін, бірақ өзі жүрегіне сеніп, соңына дейін күрескенін айтты.

«Көп адам маған сенбеді. Бірақ мен сендім. Айналаңдағы сөздің бәрі маңызды емес. Жүрегіңді тыңда. Сынаса да, кемсітсе де — өз жолыңнан тайма. Мен бәрін көремін, бәрін білемін. Мен тек өз жұмысымды істеймін. Құдай маған мұның бәрін берді, себебі мен ешкімге жамандық тілемеймін. Тек жақсылық тілеймін — тіпті маған жаман сөз айтқандарға да. Сен еңбек ет. Сабыр сақта. Нәтиже бәрін өзі айтады», — деді боксшы.

Назым Қызайбайдың жетістігі: Қазақстандағы ең атақты боксшының бірі

Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатын үш рет жеңген:

  • 2014 жыл — Корея, Чеджу: алғашқы әлем чемпионы атанды;
  • 2016 жыл — Астана: жетістігін қайталады;
  • 2025 жыл, наурыз — Сербия, Ниш: үшінші мәрте әлем чемпионы болды.

Париж Олимпиадасында Назым жартылай финалға дейін жетіп, Азия ойындарының чемпионы — қытайлық Ю У-ға жол берді. Соған қарамастан бұл нәтиже оған карьерасындағы алғашқы Олимпиада жүлдесін (қола) әкелді.

Сондай-ақ Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Назым төртінші рет финалға дейін барып, күміс жүлде иеленді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір