Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ермахан Ыбырайымов алматылықтарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі

Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Алматы көшелерінде қыдырып, қала тұрғындарына жаңа жылдық атмосфера тарту етті. 

Ермахан Ыбырайымов алматылықтарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады
olympic.kz

Instagram желісіндегі Beksport.kz парақшасында жарияланған видеода Сидней-2000 Олимпиадасының чемпионы Алматыдағы мерекелік безендірілген көшелерді аралап, алдын ала ұйымдастырылған жаңа жылдық көше қойылымын тамашалайды. Сондай-ақ ол қала тұрғындарымен естелік суретке түсіп, мерекелік әсерін бөліседі. Видеода танымал боксшының Аяз атамен (Дед Мороз) жолығып, жылы тілдескен сәті де көрсетілген.

Ибраимовтың видеодағы әсерлі сөзі де көпшіліктің назарын аудартты:

«Сәлеметсіздер ме, қадірлі достар! Бүгін Алматы қаласында ерекше, керемет мереке өтіп жатыр. Міне, міне — Аяз ата да келді! Аяз ата, ассаламу алейкум! Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын! Мұны жасау керек! Құдай қаласа. Неге жасамасқа? Неге жасамасқа? Мұны жасау керек!», — деді Ермахан Ыбырайымов.

Айта кетейік, Ермахан Ибраимов — қазақ боксының ең ірі тұлғаларының бірі. Ол:

  • Атланта-1996 Олимпиадасының қола жүлдегері
  • Сидней-2000 Олимпиадасының чемпионы
  • әлем және Азияның екі дүркін чемпионы

Бұған қоса, Ибраимов бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Кейін қоғамдық-саяси салада да көрініп, Алматы қалалық мәслихатының депутаты болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір