Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Еркебұлан Тоқтар әлемнің үздік боксшысымен кездесті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желідегі парақшасында ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтармен түскен ортақ суретін жариялады.

Еркебұлан Тоқтар әлемнің үздік боксшысымен кездесті
instagram/@erkebulan_toktar

Ташкенттегі басты айқас қалай аяқталды?

Айта кетейік, Тоқтар кеше Ташкенттегі бокс кешінде өзбекстандық боксшы Тимур Никулинді жеңіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударған еді.

Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланғанымен, айқас өте ерте тоқтады: қазақстандық спортшы 1-раундтың 72-секундында қарсыласын қыспаққа алып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сабырхан – жанкүйерлер таңдауы бойынша «жылдың үздігі» атағы

Ал Махмұд Сабырханның өзіне қатысты да маңызды жаңалық бар. Кеше World Boxing ұйымы оны 2025 жылдың үздік боксшысы деп жанкүйерлер дауыс беруі арқылы ресми түрде мойындағаны хабарланды.

Сабырхан Ливерпульде әлем чемпионы атанғаннан кейін, арнайы тізімге енген бес үміткердің ішінен топ жарған. Сол үміткерлер қатарында екі өзбекстандық боксшы да болғаны айтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір