Эрлинг Холанд Арман Царукянға ерекше тарту жасады
Норвегиялық футболшы файтерге жеке қолтаңбасы бар жейдесін сыйлады.
Англиялық «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері Арман Царукянға жеке қолтаңбасы қойылған жейдесін тарту етті.
Оны Царукян өзінің Telegram-арнасында жариялап, норвегиялық футбол жұлдызына алғысын білдірді.
Царукянның соңғы жекпе-жегі
Арман Царукян октагонға соңғы рет қараша айында шықты. Ол бұл жекпе-жекте америкалық Дэн Хукерді екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Соңғы бес жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Ал жуырда ол Шара Буллетпен грэпплинг айқасын өткізді. Бұл жекпе-жекте жеңімпаз анықталған жоқ. Қарсыластар тең түсті. Осы жекпе-жектен кейін Арман Царукянға Ереванда пәтер сыйға тартылғаны белгілі болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.