Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Дастан Сәтпаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тың жаңалығын жариялады. 17 жастағы футболшы Instagram парақшасында қысқы демалыстан түсірілген суретін көрсетіп, жанындағы бойжеткеннің өзіне жақын адам екенін аңғартты.

Дастан Сәтпаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті
instagram/@d.satpaev

Қысқы демалыстағы кадр

Жас шабуылшының жариялаған фотосында жұп таулы шаңғы курортында бірге түскен. Сипаттамасына қарағанда кадрдағы бойжеткен футболшының сүйіктісі болуы мүмкін. Бұған дейін де Сәтпаевтың бейтаныс қызбен түскен суреттері желіде кездескен. Алайда бұл жолы ойыншы алғаш рет жүрегінің бос емес екенін ишаралап көрсетті.

Дастан Сәтпаевтың 2025 жылғы маусымдағы көрсеткіші

Дастан Сәтпаев тек әлеуметтік желідегі белсенділігімен емес, алаңдағы нәтижесімен де назарда.

  • ҚПЛ-2025 маусымында 14 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде екінші орынға тұрақтады.
  • Бельгияға қарсы матчта (1:1) гол соғып, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды.
  • «Қайрат» сапында «Копенгагеннің» қақпасына (2:3) дәл соққы жасап, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының қатарына кіріп, үшінші көрсеткішке ие болды.

Сәтпаевты көпшілік «Челсидің» болашақ форварды ретінде де атап жүр. Жас ойыншының қарқыны мен нәтижесі Еуропадағы қызығушылықты күшейтіп, оның есімі Қазақстан футболының ең көп талқыланатын тақырыптарының біріне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір