ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бибісара Асаубаева қай елде тұрғысы келетінін айтты

Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында оқырмандардың сұрақтарына ашық жауап берді. 

Бибісара Асаубаева қай елде тұрғысы келетінін айтты
sports.kz

 

«Өзімді тұрақты мекені жоқ адамдар қатарына жатқызамын»

Асаубаева қазіргі өмір салтына байланысты нақты бір елді атаудың қиын екенін жеткізді:

— Қай ел сізге ПМЖ үшін ең қолайлы?

— Айту қиын. Турнирлер мен жиындарға көп қатынаймын, сондықтан өзімді тұрақты мекені жоқ адамдар қатарына жатқызамын. Қазір маған мегаполистер ұнайды, ең бастысы — теңіз не мұхит жақын болса жақсы, — деді шахматшы.

2025 жылы үшінші мәрте әлем чемпионы атанды

Еске салайық, Бибісара Асаубаева 2025 жылы әйелдер арасында блицтен әлем чемпиондығын үшінші рет жеңіп алды. Бұл жетістік үшін ол 40 мың еуро (шамамен 23,8 млн теңге) көлемінде жүлдеақы алған. Финалда қазақстандық шахматшы Украина өкілі Анна Музычукты жеңіп, чемпион атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.