Отандасымыз желтоқсан айының соңында ғана блиц шахматтан әлем чемпионы атанған болатын.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.
Қолданушылардың бірі спортшыдан «Қазір қарым-қатынаста жүрсің бе?» — деп сұраған.
Асаубаева бұл сұраққа сөзбен емес, стилизацияланған «love» жазуы бар алтын сақинаның суретін жариялау арқылы жауап берді. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында түрлі болжамдар айтылып, қызу талқы басталды.
Еске сала кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева үшінші рет мансабында блиц шахматтан әлем чемпионы атанды. Финалда ол украиналық шахматшы Анна Музычукты жеңді.
Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қазақстандық шахматшы: