Аралас жекпе-жек шеберіне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету туралы айып тағылды.
UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс бойынша сотқа шақырылды. Бұл туралы El Mundo басылымы хабарлады. Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, Топурия жұбайы Джорджина Баделлге дене жарақатын келтірген.
Енді осы іс бойынша алғашқы сот отырысы 7 қаңтарда өтеді. Бұл отырыста негізгі мәселе ретінде ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған қызына қамқоршылық құқығы қаралады.
Джорджина Баделл соттан баласымен бірге Испаниядан кетуге рұқсат беруді сұрағаны хабарланды.
Айта кетейік, Илия Топурия бұған дейін отбасылық жағдайларға байланысты UFC-дегі мансабын уақытша тоқтатқанын мәлімдеген. Оның соңғы жекпе-жегі маусым айында өтіп, бразилиялық Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғаған болатын.