Оқыс оқиға Бішкек маңындағы тау шаңғы базасында болды.
Бішкекке жақын орналасқан "Каш-Кулак" тау шаңғы базасында оқыс оқиға болды. Шаңғы теуіп жүрген 20 жастағы қыз жоғары жылдамдықпен трассадан шығып кетіп, жардан құлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған Т.А. есімді бойжеткен түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, оң жақ жамбас сүйегінің және қолының сынуы диагнозын қойған.
Оқиғаның себептері нақтылануда. Бастапқы ақпаратқа сәйкес, қыздың жоғары жылдамдықпен қозғалып, бағытты өзгертуі және дер кезінде тежей алмауы салдарынан қорғаныс торы жыртылып кеткен. Соның нәтижесінде спортшы трассадан шығып, төменге құлаған.
Тау шаңғы базасының әкімшілігі аталған аумақта қосымша қоршау орнату мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Олардың мәлімдеуінше, дәл осы учаскеде өзге типтегі қатты қоршау орнату одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр. Құзырлы органдар қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейін тексеруде.