Қазақстаннан еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы балуан Ризабек Айтмұхан жанкүйерлер сынына байланысты пікір білдірді.
97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық балуанның айтуынша, желідегі теріс пікірлер оны одан әрі көп жұмыс істеуге итермелейді және нәтижесін жақсартуға серпін береді.
Айтмұхан хейттің спортшының өзіне қарағанда жақындарына психологиялық әсері көбірек екенін де атап өтті. Сондықтан ол мұндай пікірлерге қатты мән бермеуге тырысатынын жеткізді.
Спортшының қысқа пікірі: “Хейт дұрыс қабылданса, алға жетелейді”.
Ризабек Айтмұхан ақпан айында екі жарысқа қатысуы тиіс. Бұл бәсекелер балуанның алдағы маусымдағы дайындығы мен бабын байқататын маңызды сын болмақ.