Миландағы Олимпиада атмосферасы тағы бір тосын коллаборациямен қызды. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік хип-хоп жұлдызы Снуп Доггпен бірге видеоға түсіп, әлеуметтік желі қолданушыларын дүр сілкіндірді.
Шайдоров пен Снуп Догг Миланның басты символдарының бірі — Дуомо соборының алдында журналистер алдында суретке түсіп, артынша қысқа әңгімелескен. Кейін қос кейіпкер Снуптың көпшілікке таныс "фирмалық" би қимылдарын қайталап, көңілді сәт сыйлайды. Ролик соңында рэпер қазақстандық спортшыны құшақтап, жылы қоштасады.
Италиядағы 2026 қысқы Олимпиадасында Снуп Догг тек медиа жоба үшін емес, бірнеше ресми міндетті қатар алып жүр:
Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сырғанауда қысқа бағдарламадан кейін 5-орында болғанына қарамастан еркін бағдарламада қарқынын күшейтіп, сенсациялық алтын алып шықты. Бұл — Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан Олимпиададағы тұңғыш алтын (және жалпы қысқы ойындар тарихындағы аса маңызды жетістіктердің бірі) ретінде бағаланып отыр.