Отандасымыздың Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келген болатын.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиада-2026 ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сында үздік ондыққа енді. Бұдан бөлек, отандасымыздың Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келген болатын. Осыған байланысты жарыстан кейін спортшыны ел спортының екі жұлдызы – Геннадий Головкин мен Михаил Шайдоров арнайы құттықтады.
Самоделкина қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға тұрақтады. Бұл – спортшының кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.
Олимпиада аренасында өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға ерекше құрмет көрсетілді.
Қазақстан ҰОК-нің Instagram парақшасында жарияланған видеода Самоделкинаны:
Шайдоров әріптесін құшақтап, сәтті өнерімен құттықтаса, бокс аңызы Головкин спортшыға үлкен гүл шоғын табыстап, қолдау білдірді. Кейін үш спортшы ортақ естелік суретке түсті.